KZ
Өскемен
-25°
туман Штиль
514.93 536.04 5.18

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: egemen.kz

15.09.2023, 19:36 271

Қазгидромет синоптиктері 16-18 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде синоптикалық жағдай фронттарға байланысты болады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын, негізінен жаңбыр мен жылбысқы қар жауады деп болжанып отыр.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Еліміздің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 градус, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температура түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 градус, күндіз 20-28 градус болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу