KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Көктайғақ болып, күн суытады

27.09.2021, 17:12 265
Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады деп күтіледі.
Синоптиктер 28-30 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамымен бөлісті.
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталық пен шығыста жауын-шашынның (жаңбыр, қар) түсуіне, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жаууына ықпал етеді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады деп күтіледі.

"Еліміздің батысында сынап бағаны түнде 3 градус үсік жүреді, +7-22 градус жылы, солтүстік-батыста түнде 6 градус үсік жүреді, күндіз 0-13 жылы, солтүстікте түнде 3 градус үсік жүреді, күндіз +5-11 градус жылы, орталықта және шығыста түнде 3 граус үсік жүреді, күндіз + 3-11, 7-18 градус жылы болады деп болжанады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде +7-18 жылуды, күндіз +12-27 градус жылы болады деп күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу