KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
523.17 550.06 4.93

Қазақстан азаматтары неше тіл біледі?

Фото: egemen.kz

2.11.2023, 17:21 269

Ұлттық статбюроның дерегіне сәйкес, 2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9% - екі тіл, 28,6% – үш тіл меңгерген.

Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7 пайызы 4 тілде сөйлейді, халықтың 0,2% 5 тіл біледі. 6 тіл білетін полиглоттардың үлесі 0,1% немесе 8 845 адамды құрады, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қызықты дерек, ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, сәйкесінше 47,9% және 52,1%.

Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше, әйелдердің үлесінен асып түседі — 55,6%.

Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында тұрады.

Бұл ретте 35,1% немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% — еркін сөйлейді.

Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу