KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Елімізде халық саны 20% өскен (Видео)



30.10.2023, 11:32 278 0 Ләззат Қанатқызы

Елімізде 2009 жылғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті.

Тиісінше, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адамды құрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында «2021 жылғы халық санағының» соңғы қорытындыларын жариялай бастады. Айта кетейік, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бойынша деректер санақ өткен уақытқа, яғни олар бөлінгенге дейін берілген.

Сонымен қатар, санақ қорытындысы бойынша қала тұрғындарының үлесі 5 пайыздық тармаққа өсті, 56,1%-дан 61,2% дейін. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8% дейін азайғанын байқауға болады.

Қала халқының саны 2,7 млн-нан астам адамға артты. Өткен 12 жыл ішінде қала халқының ең жоғары өсімі еліміздің 6 өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында байқалды.

Ең урбанизацияланған аймақ – Қарағанды облысы, онда халықтың 80% қала тұрғындары (1 млн-нан астам адам).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив