KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетеді

Фото: egemen.kz

6.11.2023, 12:06 226

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде мыңдаған қазақстандық әлеуметтік-еңбек саласы бойынша өздеріне көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз 1414-тен келген SMS-хабарламаға жауап беру арқылы проактивті түрде ала алады.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйесіндегі деректердің негізінде қалыптасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бүгінгі таңда ОЦК-да 19,8 млн-нан астам азамат пен 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Ел азаматтары қандай да бір жағдайға түсіп, көмекке мұқтаж болғанда базада көрсетілген нөміріне хабарлама келіп түседі. Осы арқылы азаматтар қызмет алу уақытын едәуір қысқартып, оған бірден жауап бере алады. Өтінімді ресімдеу үшін ХҚКО-ға немесе басқа мекемеге жүгінудің қажеті жоқ.

Жыл басынан бері осындай 740 мыңнан астам хабарлама жіберілді. Оның 283 мыңнан астамына азаматтар жауап берді және ешқандай өтінішсіз арнайы төлем немесе жәрдемақы алды.

Одан өзге, ОЦК-да мемлекеттік қызмеитке қатысты SMS-тен басқа, зейнетақы жасына жеткенге дейін 2 ай бұрын зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы, берілген немесе ұзартылған «қандас» мәртебесінің аяқталу мерзімі туралы автоматты хабарламалар, жұмыссыздар үшін жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы хабардар ету тетігі іске қосылды.

Алаяқтықтың тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажет екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив