Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетті
![](/kz/uploads/posts/2023-07/2020_10_23_photo_339548.webp)
Фото: egemen.kz
Отбасының цифрлық картасы аясында қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласында өзіне тиесілі мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде ала алады.
ОЦК мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптасқан, деп хабарлайды Altaynews Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда жүйеде 19,7 млн-нан астам еліміздің азаматтарының немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Азаматтар қандай да бір өмірлік қиын жағдай тап болған кезде олардың базада тіркелген ұялы нөмірлеріне тиесілі қолдау шарасы көрсетілген SMS хабарлама жіберіліп, оған бірден жауап беру арқылы қызмет алу уақытын едәуір қысқарта алады. Ал өтінімді ресімдеу үшін ХҚКО немесе басқа мекемеге жүгінудің қажеті болмайды.
Жыл басынан бері 453 мыңнан астам хабарлама жолданып, 180 мыңнан астам адам өтінішсіз өз төлемдері және жәрдемақыларын алды.
Айта кету керек, осы немесе өзге де мемлекеттік қызметті проактивті алуға мүмкіндік беретін SMS-тен басқа, ОЦК көмегімен зейнеткерлік жасына жетпей 2 ай бұрын зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы, берілген/ұзартылған «қандас» мәртебесінің аяқталу мерзімі туралы, жұмыссыздарға жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы автоматты хабарламалар тетігі іске асырылды.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында тек 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беріп, қосымша сұрақтар бойынша 1414-ке хабарласуға болады.