KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 4 м/с, В
521.81 543.67 5.05

Жаңбыр, қар, 18 градус жылы: алдағы күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

12.11.2023, 10:30 231 Назерке Каримова

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 11-13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. 

Метеорологтардың болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, дегенмен қараша айы үшін жылы ауа райы болжанады. Сонымен қатар түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндізгі уақытта негізінен жаңбыр жауады деп болжанады. 11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) күтіледі. 12 қарашадан бастап жауын-шашын тоқтап, күндіз ауа температурасы +8...+18 градусқа дейін жоғарылайды деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу