KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Елімізде 325 босқынға пана берілді

25.11.2023, 15:00 232 Назерке Каримова

Олар Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және Қытайдан келген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты. 

Бүгінде Қазақстанда 5 елден келген 325 босқын тұрады. Республика аумағын паналаған барлық шетелдіктер Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.

1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы «Босқындар мәртебесі туралы» конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды.  Қазіргі уақытта  республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады.

Олар елден шығарылмау бойынша қорғалған. Босқындармен жұмыс жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанында ұлттық заңнама нормаларын Конвенция ережелерімен имплементациялау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив