KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Елімізде қанша босқын тұрады?

Фото: liter.kz

8.08.2023, 12:06 247 Оразай Жеңісұлы

1 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде 628 пана іздеуші және 333 босқын бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасымен бірлесіп жоғары айтылған азаматтардың әлеуметтік құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары әзірленді. Геосаяси сын-қатерлерді, сонымен бірге, пана іздеген адамдардың жаппай ағылу ықтималдығын ескере отырып, Үкімет оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау және орналастыру қағидаларын бекітті", - деді министр Үкімет отырысында.

  – Бұдан бөлек бүгінде көші-қон ағындарын есепке алу бірнеше мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде  жүргізіледі, – деп жалғастырды ведомство басшысы.

"Сондықтан мигранттарды тіркейтін бірыңғай жүйені құру мақсатында жүйелердің бәрін өзара интеграциялауға кірістік. Қазірдің өзінде Ресей Федерациясы, Моңғолия, Түркіменстандағы мекемелеріміз үшін "Қандас" атты жаңа функционалды автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске қосылды. Тағы 26 ел қосуды жоспарлаудамыз", - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив