KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Қазақстан мен Өзбекстанды жаңа теміржол байланыстыратын болады

Фото: primeminister.kz

27.11.2023, 16:15 275

Түркістан облысында Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы басталды.

 

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ұзындығы 152 шақырым болатын теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстанды жаңа шекара өткелі арқылы байланыстырады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

Еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов құрылыс жұмыстарының ресми түрде басталғандығын телекөпір кезінде жариялады.

 

- Темір жолдар-мемлекетіміздің дамуын қамтамасыз ететін болат артериялар. Өткен жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылындағы ең жоғары жүк көлемі - 245 миллиард тонна-километрден астам жүк тасымалданған, - деді Әлихан Смайылов.


 

Бұл еліміз үшін өте маңызды жоба. Өйткені, жаңа теміржол желісінің құрылысы қолданыстағы Сарыағаш-Ташкент учаскесіндегі жүктерді жаңа тармаққа бағыттауға, сол арқылы Сарыағаш станциясының жүктемесін азайтып, жалпы Өзбекстан бағытындағы экспорттық тасымалдарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Еліміздің көліктік әлеуетін дамыту мақсатындағы бұл жобаның нәтижесінде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы жаңа өткізу пункті ашылады.

 

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу