ШҚО-да майлы дақылдарды өңдеу дамып келеді
Фото: primeminister.kz
Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Altyn Shyghys» ЖШС автоматтандырылған майлы дақылдарды өңдеу кешенінде болды.
Шикізат өңдеу қуаттылығы жылына 330 мың тонна болатын бұл бірегей кәсіпорын өткен жылы іске қосылған болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Қазір аталған заводтың тәулігіне 1400 тоннаға жуық күнбағыс, 550 тонна рапс, 500 тонна сояны қайта өңдеу мүмкіндігі бар.
Премьер-Министр облыс көлемінде агроөнеркәсіптік өндіріс пен азық-түлік өнімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін кәсіпорынның қызметімен танысты.
Айта кетсек, өткен жылдың өзінде мұнда 20 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. 320-ға жуық адам жұмыспен қамтылды.
Айжанат Бақытқызы