KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Қазақстан мен ЕО визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылады

Фото: baq.kz

28.01.2024, 19:14 112 Ынтымақ Толқын

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесті.


Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты BAQ.KZ порталына сілтеме жасап.


Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:


- визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;

- консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;

- өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;

- көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.


Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластық орнады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу