Қазақстан 30-дан астам мемлекетпен визалық режимді жеңілдету келіссөзін жалғастырды

Фото: egemen.kz
Қазақстан 30-дан астам мемлекетпен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөзді жалғастырып жатыр.
Жұмыстардың нәтижесі Сыртқы істер министрлігінің тұрақты брифингтері барысында ресми түрде жарияланады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта Еуропа, Америка, Азия, Африка мен ТМД-ның жалпы 32 елімен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әр аймақтағы жұмыстың ерекшелігі айтарлықтай өзгеше екенін түсіну маңызды, сондықтан құжаттарды қабылдау мерзімдерін болжау қиын. Алда ауқымды бірлескен жұмыс күтіп тұр, оның нәтижесі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің тұрақты брифингтері барысында ресми түрде жарияланады", – делінген Сыртқы істер министрлігінің «Қазақпарат» агенттігіне берген жауабында.
Оқи отырыңыз