KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Қазақстандықтар Сейшел аралдарына визасыз бара алады

фото: inbusiness.kz

16.01.2024, 21:06 274

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы визасыз режим күшіне енгенін хабарлады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

«Қазақстан мен Сейшел аралдары 2023 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге келген болатын. Құжатқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі  Мұрат Нұртілеу мен Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонда БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының алаңындағы келіссөздер барысында қол қойды», - деді Айбек Смадияров.

Келісім бойынша қазақстандықтар Сейшел республикасының аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін визалық талаптардан босатылады.

Ал бизнес жүргізу, жұмысқа орналасу немесе оқу мақсатында екінші тарап мемлекетінің аумағында аталған мерзімнен ұзақ болуға ниет білдірген азаматтар қабылдаушы  мемлекеттің заңнамасына сәйкес келетін виза рәсімдеуі тиіс.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив