Қазақстанда балаларды автобустан түсіргені үшін айыппұл салынбақшы
Фото: Zakon.kz
Мәжілісте Білім вице-министрі Еділ Оспан балаларды автобустан түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу туралы ережені түсіндірді. Мұндай түзетулер әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Депутат Қарақат Әбден заң жобасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттар бар екенін атап өтті. Бірақ ол заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған баланы қоғамдық көліктен түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу туралы ережені түсіндіруді сұрады. Бұл жағдайда кімге айыппұл салынады - жүргізушіге, кондуктарға немесе баланы ақшасыз жіберген ата-анаға?
Оны Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қолдады. Оның айтуынша, бұл ереже 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты болады.
Айжанат Бақытқызы