Екпе алмаған балалар үшін балабақша басшыларына айыппұл салынады
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына екпе алмған балаларды балабақшаға қабылдағаны үшін айыппұл салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Айтуынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің жобасында екпе салдырмаған балаларды балабақшаға қабылдауға тыйым салу ұсынылады. Мұндай бүлдіршінді қабылдаған балабақша басшылығымен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл да еш нәтиже бермеген жағдайда, мекеме директорына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады екен.
Аталмыш өзгеріс жаңа кодекс қабылданып, бекітілгеннен кейін ғана күшіне енбек.