Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза өзгереді
Фото: stol.it
Мәжіліс депутаттары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қарауға қабылдады.
Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мәжілісмендердің бастамасымен әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленген, - деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
"Заң жобасы Мемлекет басшысының тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес келеді", - деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.
Құжат келесі негізгі нормаларды қамтиды:
- ұрып-соғып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жаза қатаңдайды (әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылады);
- тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жәбірленуші тараптың мәлімдемесін күтпей-ақ сотқа талап қоюға болады;
- соттарға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессив мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық көмек тағайындауға рұқсат етіледі;
- педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылады;
- өзін-өзі өлтіруге үгіттеу немесе өзін-өзі өлтіруге жеткізу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу;
- балаларға арналған интернаттық және жабық мекемелерді алдын ала ескертусіз кез келген уақытта тексеру ұсынылады.
Оқи отырыңыз
ШҚО: Зорлық-зомбылық көрсеткен 601 адам әкімшілік қамауға алынғанШҚО-да карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жиілей бастадыҚазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қамауға алынғандар саны екі есе өскенТұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 5 адам қылымстық жауапкершілікке тартылған – ӨскеменТұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы жуықта Мәжіліске ұсынылады