KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 8 м/с, В
495.1 583.72 6.46

Елімізде әйел тергеушілердің саны көбейеді

Фото: kaznovosti.kz

18.04.2024, 19:15 246 Ержан Әбіш

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжілістің кулуарында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

– Президент бізге отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасымен айналасатын әйел қызметкерлердің санын арттыруды тапсырды. Қазір штат санын ел бойынша 750-ге көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл тәжірибе дұрыс, – деді И. Лепеха.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта елімізде зорлық-зомбылық құрбаны болған қыз балалар және әйелдер ісімен айналысатын әйел тергеушілер бар.

– Сұрақ-жауапты әйел жүргізуі керек. Бұл тәжірибені зерделедік. Қазір әкімдермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар бізді қолдады. Бұл штат санын қаржыландыру бойынша Үкіметте мәселе қарастырылып жатыр. Қазір сумманы айта алмаймын, – деп түсіндірді ішкі істер вице-министрі.

Қазір елімізде 280 әйел тергеуші бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу