Қазақстанда жылына 400-ге жуық әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады
Қазақстанда жылына 400-ге жуық әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Осыған байланысты Семей жастары орталық алаңда флешмоб өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Флешмоб зорлық-зомбылыққа душар болған әйел адамдарға арналған. Өйткені 25 қараша - Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні. Семей жастары аталмыш шара оныншы желтоқсанға дейін жалғасады деп отыр. Ресми ақпараттарға сенсек, елімізде күн сайын әр бесінші әйел соққының астында қалады екен.
Аталмыш акцияның мақсаты, осы мәселеге назар аударту.
Оқи отырыңыз