KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда биыл 600-ге жуық балаға зорлық-зомбылық көрсетілген

19.09.2019, 03:44 170

Ағымдағы жылы елімізде 600-ге жуық балаға зорлық-зомбылық көрсетілген деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Мұндай сұмдық қылмысқа көп жағдайда жақын адамдары, яғни әкелері, өгей әкелері, туыстары мен көршілері барады екен. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, осы жылы балаларға қатысты жасалған ауыр қылмыстың саны арта бастаған. Қазіргі уақытта балаларға зорлық көрсеткен бір жарым мың қылмыскер жазасын өтеуде. Есепте тұрған педофилдердің саны да осыған жуық.

-  Бұл қылмыстардың көбі пәтерлерде, үй мен жатақханаларда жасалады. Қылмыстың 77 пайызында балаға жақын адамдары зорлық-зомбылық көрсетеді. Оларды тергеу-тексеру де өте күрделі іс. Себебі зардап шеккен балалар кәмелеттік жасқа толмаған, - дейді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу