KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Роза Рымбаеваға «Қырғызстанның халық әртісі» атағы берілді

Фото: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

19.04.2024, 21:25 4 803 Ержан Әбіш

Қырғыз президенті Садыр Жапаровтың елімізге ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградалары табысталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлестері үшін мәдениеттанушы Мұрат Әуезов пен ақын Мұхтар Шаханов «Данакер» орденімен марапатталды. Ал «Достук» ордені журналист Сауытбек Әбдірахмановқа, түркітанушы Мырзатай Жолдасбековке, Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейт Түймебаевқа табысталды. «Даңк» орденін Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының басшысы Ақтоты Райымқұлова иеленді.

«Қырғыз Республикасының халық әртісі» атағы композитор Алтынбек Қоразбаевқа, әнші Роза Рымбаеваға берілді.

– 1996 жылы маған Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді. 28 жылдан кейін «Қырғыз Республикасының халық әртісі» атағын алып отырмын. Бұл – мен үшін үлкен жетістік, – деді Р. Рымбаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив