1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі
![](/kz/uploads/posts/2024-07/depositphotos_180587568-stock-photo-male-student-studying-home-close.webp)
Фото: depositphotos.com
1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттерінің стипендияларын арттыратын Үкімет қаулысына қол қойды.
Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50 пайызға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңге, орта буын мамандары үшін 41 896 теңге болады.
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды. Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада 123 122 теңге көлемінде төленеді.
Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15 пайызға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болады.