Елімізде әскери жиындар өтеді

Фото: depositphotos.com
Елімізде 18 шілдеден бастап Қазақстан Қарулы күштерінде әскери міндеттілерді дайындау бойынша 30 күнге созылатын жиындар өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарулы күштер бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Сәкен Жүсіпов айтты.
Айта кетейік, қолданыстағы заңда әскери жиынға шақырылатын адамның шекті жасы айқындалған. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар үшін – 50 жас, офицерлер үшін – 60 жас. Әскери жиынға денсаулық жағдайы бойынша жарамды әскери міндеттілер шақырылады.
Сондықтан олар алдын ала медициналық тексеруден өтеді. Оларды жиын өткізілетін жерге жеткізу және одан кері қайтару Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен темір жол немесе автомобиль көлігімен жүзеге асады.