KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Арнайы әскери жиыннан кімдер босатылады? Министр жауап берді

3.04.2020, 07:35 422

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның аумақтық әскерлерін жасақтау үшін арнайы жиындардан кімдер босатылатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес әскери есепте тұрған және денсаулығы жарамды деп танылған азаматтар арнайы жиындарға шақырылады. Бұл ретте бізде адам ресурсы жеткілікті. Сондықтан жасы үлкен немесе созылмалы аурулары бар азаматтар шақырылмайды, – деді Н.Ермекбаев.

Әскерге шақырылмайды:
1) мемлекеттік органдарда қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін лауазымды адамдар;
2) авиациялық персонал;
3) ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін адамдар егін салатын кезде және астық жинайтын кезде;
4) педагогикалық қызметкерлер;
5) білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитындар;
6) әскери міндетті әйелдер;
7) кәмелетке толмаған үш және одан да көп баласы бар адамдар;
8) қылмыстық заңнамаға сәйкес істі болған адамдар;
9) Парламент немесе жергілікті өкілетті органдарға депутат болып сайланған (тағайындалған) әскери міндеттілер жатады.

Ал «жарамды» азаматтар жиынға тұрғылықты мекенжайы бойынша шақырылады. Сондықтан олар жұмыстан кейін үйіне қайтып кете алады. Министрдің айтуынша, жиын кезең-кезеңмен өтеді.

Естеріңізге саламыз, кеше, яғни 2 сәуірде Президент Қазақстан Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу