KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 8 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Қазақстандықтарға жоғары дәлдіктегі операциялар қолжетімді болмақ

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін, 10:30 0 Айжанат Бақытқызы

Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығы микрохирургиялық жүйелерден бастап роботты кешендерге дейінгі медициналық құралдар кешенін енгізе отырып, медициналық көмек көрсетудің жаңа деңгейіне шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жаңа жабдық операцияларды жоғары дәлдікпен және аз инвазивтілікпен жүргізуге, пациенттерді оңалту уақытын қысқартуға және асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Орталықты жаңғырту «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында мүмкін болды, ол жабдықтарды сатып алуға шамамен 400 млн теңге бөлді. Негізгі жаңалықтардың бірі Қазақстанда алғаш рет қолданылатын Mast Quadrant хирургиялық ретракторы болды. Бұл омыртқаға жоғары дәлдікпен операция жасауға мүмкіндік береді, жұмсақ тіндердің жарақаттарын азайтады және пациенттердің тез қалпына келуін қамтамасыз етеді.

 «Самұрық-Қазына» сияқты әріптестердің қолдауының арқасында Қазақстан медицинада жаңа технологияларды белсенді енгізуді жалғастырып, оларды тек елордалық қана емес, өңірлік медициналық орталықтар үшін де қолжетімді етеді», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Бұл жүйелерді енгізу - технологиялық серпіліс қана емес, мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жасалған қадам.

«Бұл - ұлт денсаулығына салынған инвестиция. Жаңа жабдық, әсіресе тірек-қимыл аппараты аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қордың басшысы Нұрлан Жақыпов.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қор сонымен қатар, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен ел өңірлеріндегі оңалту орталықтарының желісі сияқты медициналық мекемелерді жаңғыртуды қолдайтынын айта кеткен жөн.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив