KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

1 қазанда мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 13:00 2 Ержан Әбіш

2023 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтаған салық салу объектілерінің құны және мүлікті меншік құқығында иелену мерзіміне сәйкес есептеледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Салық шілде айында меншік иелеріне жіберілді, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар арқылы да жіберілді.

2 қазаннан бастап салықты уақытында төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы ескертулер жіберіледі.

Салықты e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы, банк бөлімшелері, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы банк карталарымен төлеуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив