KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да мүлік салығы бойынша 50 млн-ға жуық қарыз бар

Фото: Шығыс ақпарат

25.09.2023, 15:51 155

ШҚО-да 2022 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша қарызы 48,6 млн теңгені құраған. Оның ішінде 38,6 млн теңге Өскемен қаласына тиесілі.

Бұл туралы ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Арайлым Тұрысбаева Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық салу, мүлік салығы, берешектің жай-күйі және жеке тұлғалардан берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы айтты.

Жеке тұлғалар үшін 2022 жылғы мүлік салығын, оның ішінде жер салығын төлеу мерзімі биыл 1 қазанда аяқталады.

– Салық заңнамасының нормаларына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер қолданылады, оларға жеке тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері және басқалар жатады. Мүлік салығын есептеу салық салу объектісін бағалау құны туралы мәлімет негізінде жүргізіледі. Оларды жыл сайын уәкілетті орган – «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ ШҚ филиалы ұсынады, – дейді бас маман.

Өсімпұл есептеуді болдырмау үшін қарызды толық өтеу қажет. Салық төлеу уақыты өткеннен кейін әрбір күн үшін бюджетке Ұлттық банктің базалық ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады.

           

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу