KZ
Өскемен
+3°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

1 қазанда мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

gov.kz

18.09.2024, 14:48 113 Айжанат Бақытқызы

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2023 жылға салық төлеу мерзімі аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу үшін салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл. 

Салық органдары мүлікті меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде салықты есептейді.

Мүлік бойынша:

- ортақ бірлескен меншікте олардың арасындағы келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келген жағдайда, төлемді меншік иелерінің біреуі ғана төлейді; 

- ортақ үлестік меншікте мүліктің барлық меншік иелері осы мүліктегі үлесіне сәйкес салық төлеушілер болып табылады.

Көрсетілген деректемелер бойынша төлем жүргізудің бір мезгілде мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен, «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ банктердің «Kaspi.kz» және «Halykbank» мобильді қосымшаларында көруге болады. Сонымен қатар, салық сомасын 1414 (3) байланыс орталығының телефоны арқылы біле аласыз. Төлемді «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы комиссиялық алымсыз жүргізуге болады.

Есептелген соманы төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда жеке тұлғаның дербес шотында төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін (1 қазан) берешек пайда болады, сондай-ақ төленбеген сомаға әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.

«Құрметті салық төлеушілер, өсімпұлды есептеуді болдырмау және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу бөлігінде салық міндеттемесін орындамағаны үшін одан әрі шаралар қолданбау үшін, алдағы төлемді белгіленген мерзімде төлеуге үлгеріңіздер»,-деп хабарлайды ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив