KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

«Заң мен Тәртіп» апталығы кезінде 8 мыңға жуық азамат қабылданды

Фото: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Фото: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
1.07.2025, 13:30 274 Төлеуғазы Жансая

Елімізде «Заң мен Тәртіп» атты республикалық ақпараттық-түсіндіру апталығы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, прокуратура, полиция, қаржылық мониторинг органдары мен әкімдіктер бірлесіп, азаматтарды қабылдап, құқықтық кеңес берді. Кездесулер ірі сауда орталықтарында, ХҚКО-ларда, сондай-ақ шалғай және қатынауы қиын ауылдық елді мекендерде ұйымдастырылды.

Апталықтың негізгі мақсаты – халыққа заңнама талаптарын түсіндіру, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат беру және азаматтарды толғандырып отырған жүйелі мәселелерді анықтау болды.

Бір апта ішінде құқық қорғау органдары 8 мыңға жуық адамды қабылдап, түрлі мазмұндағы өтініштерді қарады. Азаматтар жер қатынастары, тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер, балалар қауіпсіздігі, кәсіпкерлік құқықтарын қорғау сияқты тақырыптар бойынша кеңес алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу