KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Тұтынушылар өз құқықтарын біле ме?

23.12.2022, 11:10 438 Ләззат Қанатқызы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені жобасының нәтижелері туралы айтылды.

Жобаның негізгі мақсаты-халықтың әлеуметтік осал топтарына, қала азаматтарына жалпы ақпараттық қолдау және атаулы құқықтық көмек көрсету, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жоба жетекшісі Гүлнар Оразаеваның айтуынша, тұтынушылардың өз құқықтарын білмеуі көбінесе келеңсіз жағдайларға әкеп  соғуы мүмкін.

Айта кету керек, аталған жоба барысында қала шағын ауданының шалғай елді мекендерінің тұрғындары арасында, ірі сауда кешендерінде кездесулер өткізіліп, қала тұрғындарына тұтынушылардың қорғау құқықтары бойынша 150-ден кеңес берілген.

Бүгінгі таңда білікті заңгерлік кеңес алу және істерді сотқа жеткізу үшін көп қаражат қажет. Осы мақсатта биыл алғаш рет қалада тұтынушылардың құқығын қорғау саласында халықтың құқықтық мәдениеті бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ұйымдастырылды.

- Менің ойымша, осы жобаның арқасында қаланың көптеген тұрғындары өздеріне қажетті кеңес алды және көптеген тұрғындарға заң аясында әр адамның өз құқықтары бар екендігі түсіндірілді, - деп атап өтті "Аманат" тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының төрағасы Гүлнара Оразаева.

Осы салада қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда 75-27-18 телефонына хабарласып, кеңес ала аласыз.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу