KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Қазақстан жас балуандары әлем чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

olympic.kz

6.08.2025, 11:30 528 Төлеуғазы Жансая

Афина қаласында (Грекия) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 11 жүлде жеңіп алып, табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, осы стиль бойынша Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 келіге дейін) үшінші орынды иеленді.

Қыздар күресінде Мадхия Усманова (57 келіге дейін) алтын жүлдеге ие болды. Ал Інжу Баққожа (40 келіге дейін) мен Шахизада Дәулетжан (69 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Еркін күресте үш отандасымыз үшінші орыннан көрінді: Данаель Абдықасым (51 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (60 келіге дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 келіге дейін).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу