KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Зайсандық спортшылар Әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетті

26.06.2019, 04:51 187

Өзбекстанның Хиуа қаласында гір спортынан өткен Әлем чемпионатында зайсандық саңлақтар тамаша өнер көрсетті. Әлемнің 15 мемлекетінен келген 450 спортшы қатысқан додада жерлестеріміз бес жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленгенін айту керек. Тағы бір атап өтерлік жайт, жаһандық біріншілікке 13 шығысқазақстандық спортшы қатысып, оның барлығының да айы оңынан туып, қоржынға 11 алтын, бір күміс және бір қола медаль салды. Олардың қатарында зайсандық Қуаныш Қыдырпатша, Айболат Толқын, Ернұр Қайрат, Азамат Мұқатаев пен Арнұр Сайлаубек те бар.

Айта кетейік, Өзбекстандағы додада жасөспірімдер арасында 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Арнұр Сайлаубек 24 келілік гір тасын 155 рет серпе көтеріп, Азия рекордын жаңартса, ересектер арасында 70 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген Айболат Толқын Азия чемпионы атанды.

Ал 65 келіге дейінгі салмақтағы жасөспірімдер сайысында Азамат Мұқатаевқа тең келер спортшы болмады. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ернұр Қайрат болса, жасөспірімдер арасында Азияның қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Қуаныш Қыдырпатша 32 келілік гір тасын 105 рет серпе, 200 рет жұлқа көтеріп, нәтижесінде рекорд жаңартып, Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

Елге оралған бетте байрақты бәсекелерде Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген спортшыларға аудан әкімі Серік Ақтанов те құрмет көрсетіп, оларға «Алғыс хат» тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу