KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Ел құрамасы Париж Олимпиадасын жеті медальмен аяқтады

фото: reuters.com

12.08.2024, 10:07 113 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Франция астанасында өткен ойындарда қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды. Ел қоржынына жалғыз «алтынды» дзюдошы Елдос Сметов салды, ол 60 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Қазақстандық атлеттер үш рет тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды.

Олимпиадада үшінші орынды Назым Қызайбай (бокс, 50 келіге дейін), мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (аралас командалық жарыс) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс, үш қола медальмен жалпыкомандалық есепте 41-орында тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив