KZ
Өскемен
-19°
пасмурно жел 1 м/с, С
509.75 594.67 6.46

Аптап ыстықта жолға шыққанда нені ескеру керек?

pixabay.com

8.08.2025, 20:00 460 Төлеуғазы Жансая

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық қайта оралуда. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандарының айтуынша, мұндай ауа райы көлік жүргізушілері мен олардың автокөліктері үшін қосымша қауіп-қатер төндіреді. Сондықтан жолға шығар алдында қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауаның температурасы +30°C-тан асқанда, қозғалтқыш бөлігінде қызу одан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін. Егер көлік толық жүктелген болса, кептелісте ұзақ тұрса немесе кондиционер үздіксіз жұмыс істесе, бұл жүйенің шамадан тыс қызып кетуіне және апатты жағдайларға әкелуі ықтимал.
Мамандар жолға шығар алдында:

  • антифриз деңгейін тексеруге,

  • радиатордың таза екеніне көз жеткізуге,

  • ұзақ сапардан кейін қозғалтқышты бірден сөндірмеуге,

  • кондиционерді ұзақ уақыт ең жоғары режимде қоспауға кеңес береді.

Жоғары температурада қозғалтқыш бөлігінде немесе салонда өрт туындауы мүмкін. Әсіресе электр сымдарындағы ақау, катализатордың шамадан тыс қызуы немесе салонда қалдырылған кейбір заттар қауіп төндіреді.
Күн астында көлікте қалдыруға болмайтын заттар:

  • аэрозольді баллондар,

  • қуаттағыштар мен портативті аккумуляторлар,

  • пластикалық бөтелкелер мен жанғыш сұйықтықтар,

  • көзілдірік пен әйнек бұйымдар.

Мұндай заттар күн сәулесін линза секілді шоғырландырып, от шығуына себеп болуы мүмкін. Сол себепті көлікте өрт сөндіргіштің болуы және оның қолжетімді жерде сақталуы шарт.

Қосымша кеңестер:

  • Жолға таңертең немесе кешкі уақытта шығу ұсынылады.

  • Қосымша ауызсу және салқындатқыш сұйықтық алып жүру керек.

  • Ыстықта назар аудару қабілеті төмендейтінін есте сақтап, әрбір 1,5–2 сағат сайын аялдап, демалған жөн.

Мамандар аптап ыстықта жолға шығатын жүргізушілерге көлік техникалық жағдайын мұқият тексеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу