13 маусымда еліміздің біраз бөлігінде аптап ыстық болады: тұрғындарға ескерту жасалды
Фото: pexels.com
Шығыс Қазақстанда 13 маусым күні ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» ШҚО филиалы хабарлады. Облыстың солтүстік және орталық бөліктерінде өрт қаупі жоғары деңгейде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Синоптиктер тұрғындарды ыстықтан сақ болуға шақырып отыр.
Басқа аймақтарда жағдай қандай?
Орталық пен Солтүстікте күн жыли бастайды. «Маусымның басында бұл өңірлерде жаңбыр мен бұлтты күндер басым болғанымен, 13 маусымда ауа температурасы +25…+30 °C шамасында болады», – дейді мамандар.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жағдай басқаша. Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында күн аптап ыстық болады. +35…+43 °C аралығында. Түнде де ауа суымайды – шамамен +20 °C. Жекелеген күндері найзағайлы жаңбыр өтуі мүмкін.
Батыс Қазақстанда да күн ысиды. Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +33…+40 °C, кей жерлерде +43 °C-қа дейін жетеді.
Яғни еліміздің көп бөлігінде күн күрт ысып, әсіресе оңтүстік пен батыстағы тұрғындарға ыстық пен өрт қаупінен сақ болу аса маңызды болып отыр.