KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
501.02 597.27 6.59

Тамыз айындағы ҰБТ басталды: 28 мыңға жуық өтініш қабылданды

gov.kz

11.08.2025, 09:00 271 Жанаргүл Көкенайқызы

Кеше елімізде тамыз айының Ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды. Ол 14 тамызға дейін жалғасады. Биылғы сынаққа қатысу үшін 28 мыңға жуық өтініш түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қатысушылардың шамамен 65 пайызы қазақ тілінде, 35 пайызы орыс тілінде, ал 89 адам ағылшын тілінде тест тапсырады. Алғашқы күні 2 мыңнан астам адам өз білімін сынады.

Бұл ҰБТ-ға биылғы және былтырғы мектеп, колледж түлектері, қандастар, шетелде орта білім алған бітірушілер, шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа немесе керісінше ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ ЖОО-ға шартты түрде қабылданғандар қатыса алады.

Айта кетейік, тамыздағы тестке тіркеу 25 шілде мен 5 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу