БҮГІН ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ БАСТАЛДЫ
pixabay.com
Тамыз ҰБТ-сы 15тамызға дейін жалғасады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпараты бойынша тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҰБТ-ға қатысушылардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.
ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 5,7 мың адам емтихан тапсырады.
Естеріңізге сала кетсек, тамыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz 20-30 шілде аралығында жүргізілді.
2024 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша белгіленген шекті балл жинай алмаған, тестілеу нәтижесі жойылған, бейіндік пәндер комбинациясысәйкес келмейтін талапкерлерге жоо-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2025 жылы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, жоо-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады.