KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға дейін жақсарды 

depositphotos.com

22.08.2025, 10:30 622 Төлеуғазы Жансая

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2025 жылы  құрылыс-жөндеу жұмыстары 13 мың шақырымнан астам жолды қамтыды.

Оның 7 мың шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Орал – Атырау» және басқа да автожолдар қамтылды, «Орталық – Батыс» автожолының, сондай-ақ «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» учаскелерінің, Сарыағаш, Рудный және Шымкент айналма жолдарының құрылысы басталды. «Қалбатау – Майқапшағай» жолы аяқталады.

Артық жүктемелерді бақылау үшін 60 автоматтандырылған өлшеу стансасы (АӨС) орнатылды, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 220-ға жеткізіледі.


Дереккөз: UKIMET

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу