Ерлан Қарин: Цифрлық трансформация – жаңа ұлттық идея
Фото: Ақорда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин биылғы Президент Жолдауының басты өзегіне тоқталды. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы біріктіруші идея – цифрландыруды кеңінен дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Президент экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жедел енгізуді тапсырды. Бұл бастамалар Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктірілетін болады, – деді Ерлан Қарин.
Оның сөзінше, Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің біріне айналды. Бұл қадам еліміздің болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекетке айналуына жол ашады.
– Биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды, – деп түйіндеді Мемлекеттік кеңесші.
Оқи отырыңыз
Ерлан Қарин: Марапатқа ие болғандардың басым бөлігі – жұмысшы мамандықтар өкілдеріМемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткіздіЕлімізде цифрлық трансформацияны іске асыруға арналған арнайы топ құрылдыҚазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрыладыӨскеменде мемқызметкерлерге арналған ЖИ бойынша шеберлік сағаты өтті