KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
522.38 612.6 6.54

Өскеменде мемқызметкерлерге арналған ЖИ бойынша шеберлік сағаты өтті

9.07.2025, 12:00 250 Ержан Әбіш

Цифрлық басқаруды дамыту — технологиялық прогресс қарқыны үдеген қазіргі кезеңде мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтарының біріне айналып отыр. Осыған орай мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні қолдану күнделікті тәжірибеге еніп келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

4 шілде күні Өскемендегі Oskemen Hub алаңында мемлекеттік қызметкерлерге арналған жасанды интеллектіні қолдану бойынша шеберлік сағаты өтті. Іс-шараға Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО филиалында қайта даярлаудан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға интеллектуалдық жүйелерді басқарушылық тәжірибеде қалай қолдануға болатыны, сонымен қатар цифрлық шешімдер мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, жұмыс тиімділігі мен ашықтығын қалай қамтамасыз ететіні көрсетілді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы Технологиялар трансфері және құзыреттер орталығының жетекшісі Руслан Четтыкбаев қатысушыларға азаматтардың өтініштерін зерделеуден бастап, мониторинг және болжам жасауға дейінгі интеллектуалды құралдардың нақты мысалдарын ұсынды.

Oskemen Hub жетекшісі Дидар Мұратұлы мемлекеттік секторға арналған GovTech – цифрлық технологиялар саласындағы өңірлік бастамалар туралы баяндап берді.

Шара барысында Шығыс Қазақстанның жас IT-мамандары қатысқан жобаларға ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар аймақтағы цифрлық трансформация үдерісін жеделдетуге елеулі үлес қосатыны айтылды.

Роксана Глыбова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу