KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 6,4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Ерлан Қарин: Марапатқа ие болғандардың басым бөлігі – жұмысшы мамандықтар өкілдері

Фото: Ақорда

Бүгін, 17:00 0 Төлеуғазы Жансая

137 мұғалім мен 80 ғалымның марапатталуы – Қазақстандағы білім мен ғылымның маңыздылығын, озық ойлы қоғамды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижесін айғақтайды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Телеграм каналында жазды.

Мемлекеттік марапаттардың иегерлері жайлы Ерлан Қарин былай деп мәлімдеді:

Марапатталғандардың 450-ден астамы – жұмысшы мамандықтарының өкілдері. Олардың қатарында шахтерлер, көлік қызметкерлері және өндіріс саласының басқа да мамандары бар. Сонымен қатар, еңбек династияларының өкілдері де ерекше назарға алынған. Бұл еңбекқорлық пен кәсіби біліктіліктің мемлекеттік идеологияның маңызды бөлігі екендігін көрсетеді. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған төрт адамның үшеуі ғылым және білім саласының өкілдері. 137 мұғалім мен 80 ғалымның марапатталуы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым мен білімді дамытуды және олардың мәртебесін көтеруді жоспарлы түрде жүзеге асырып жатқан саясатының айқын дәлелі,- деді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, Президент Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан білім, ғылым және мәдениетті қазіргі қоғамның маңызды үштағаны ретінде бағалауы нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асырылып келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив