Зейнетақы жүйесін қайта қарау – уақыт талабы
фото: gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында зейнетақы жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі демографиялық ахуал мен еңбек нарығындағы өзгерістер бұл бағытта жаңа тәсілдерді талап етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Бүгінде азаматтардың, әсіресе, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындардың зейнетақы жинағы жеткіліксіз деңгейде. Бұл – алаңдататын мәселе. Үкімет, Ұлттық банк және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі бірлесіп, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған шараларды әзірлеуі қажет. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің ұзақ мерзім бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуы қамтамасыз етілуге тиіс», – деді Президент.
Мемлекет басшысы бұл міндеттерді орындау халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ еліміздің зейнетақы жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам екенін баса айтты.
Оқи отырыңыз