KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
517.66 606.49 6.44

Қомақты зейнетақы жинаудың жолын білгіңіз келсе...

19.11.2019, 03:46 233

Зейнетақы қорының мамандары өскемендіктерге қомақты зейнетақы жинаудың жолдарын айтып береді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«БЖЗҚ»-да ашық есік күні. Ондағы басты тақырып – зейнетақыны жоспарлау. Мамандар қала тұрғындарына  зейнетақыны жоспарлау туралы, қордың салымшылармен өзара байланыс туралы, болашақта қомақты төлемдерді қалай алу керектігі туралы, сондай-ақ зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны қалай есептейтіндігі туралы айтып береді.

– Келушілер «БЖЗҚ» АҚ жұмысымен жете танысып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қыр-сырын түсініп, келелі кеңес алады, – дейді ұйымдастырушылар.

 Ашық есік күні 29 қараша күні сағат 10.00-де Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121 мекенжайында өтеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу