KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОБ
485.04 525.98 5.04

Зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері көтеріледі

1.04.2020, 06:59 98

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері көтеріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін көтеруді тапсырып отыр.

«Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді», - деді мемлекет басшысы.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив