ШҚО әкімі тұрғын үй құрылысын бақылады
шартты сурет
Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлер құрылысының барысын бақылап, бірқатар жобалармен танысты.
Мәселен, драма театры ауданында архитектуралық сәулеті жағынан ерекше әрі заманауи тұрғын үйлер салынып жатыр. Қолданысқа берілгендері де бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Биыл мұнда 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Жалпы, қазіргі үйлер өте сапалы салынуда, аулалардағы жолдар алты метрге дейін кеңейтіліп, әр пәтер үшін бір жарым тұрақ орны қарастырылғанын атап өткен жөн. Биыл тағы 349 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары бар, – деді облыс әкімі.