Сайлау-2023: ШҚО-да автобуспен қатынау тегін
Шығыс Қазақстан облысында бүгін сайлаумен қатар бірқатар қызықты іс-шара ұйымдастырылуда. Айталық, азық-түлік және қол өнер бұйымдарының жәрмеңкесі, түрлі байқаулар мен акциялар өткізілді. Сайлаушыларға мерекелік дастархан жайылды және тәтті тарту ұсынылды.
Сондай-ақ бүгін Алтай, Зайсан, Катонқарағай және Глубокое аудандарында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жалпы, 199 сайлау учаскесінің жанында сауда пункттері ұйымдастырылды. 169 учаскеде мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар сайлау учаскесіне бірінші келген адамға, жүзінші және мыңыншы сайлаушыға, тұңғыш дауыс берушілерге және болашақ сайлаушыларға сыйлық табысталды.
Барлық учаскеде дерлік дауыс берушілер үшін фотоаймақ орнатылған.