Кәсіпорындар 49,7 млрд теңгені табиғатты қорғауға жұмсамақ - ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешу мақсатында Жол картасы жұмыс істейді.
Жоба аясында жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру жайын облыстық экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өңірдегі бас экологтың айтуынша, облыс кәсіпорындары 49,7 млрд теңге қаражатты табиғатты қорғау шараларына жұмсамақ ниетте. Негізгілеріне тоқталып өтсек, «Казцинк», «Гидрополимет» РМК – 22 млрд теңге, ірі кәсіпорындар АСМ – 1,1 млрд теңге, ЕҚДБ тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының құрылысына – 23,6 млрд теңге, "Жасыл даму" АҚ тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау жобасына 3 млрд теңге бағыттамақ.
Сонымен қатар Данияр Әлиев былтыр 28 қазанда Жол картасын түзету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу жайында кеңес өткізілгенін де айтып өтті.