KZ
Өскемен
снег жел 8 м/с, Ю
525.11 546.74 4.88

Өскемендегі «Казцинктен» шығатын зиянды қалдық екі есе азайды

10.10.2020, 08:29 174

Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы «Қазмырыш» өндіріс ошағынан шығатын зиянды қалдық екі есе азайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Соңғы он жыл көлемінде облыс орталығындағы кәсіпорындар ауаға таралар зиянды қалдықтарды азайту мақсатында жүйелі түрде жұмыстар істеп келеді.

Облыстық экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевтің айтуынша, Қазмырыш (Казцинк) кәсіпорны зиянды қалдықтардың көлемін он жылдың ішінде 70 пайызға дейін азайтқан.

– Кәсіпорын осымен үш жыл қатарынан күкірт қышқылы мен күкірт диоксидін сүзуге арналған цех орнатып келеді. Соның арқасында ауаға тарайтын 50 мың тонна қалдықты 25 мыңға тоннаға дейін азайтты, – дейді департамент басшысы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу