KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 5 м/с, З
517.66 606.49 6.44

Ұланда биыл емхана салынады

шартты сурет

25.01.2023, 10:22 629 Оразай Жеңісұлы

Биыл Қайсым Қайсенов кентінде жаңа емхананың құрылысы басталады.

Бұл туралы Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина айтты, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Жаңа емхананың ғимараты үш қабатты, заманауи үлгіде, кең әрі барлық талапқа сай болады.

– Кентте емхананың негізгі ғимаратын салу үшін жер телімі анықталды. Медицина мекемесінің жобалық қуаты бір ауысымда 150 келушіге есептелген. Мұнда консультативтік-диагностикалық және профилактикалық бөлімшелер, сондай-ақ күндізгі стационар палаталары орналасады. Жоспар бойынша құрылыс биыл басталуы керек. Заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен жабдықталған жаңа емхана халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсететін болады, – дейді Гүлмира Сағидуллина.

Жаңа емхананың бак-зертханасы, рентген кешені, маммография, политравма кезінде травматологиялық көмек көрсету үшін жабдықталған кабинеті болады.

Аудандық аурухананың бас дәрігеріне қажетті жабдықтың клиникалық-техникалық негіздемесін пысықтауға және осы мәселені шешу бойынша ұсыныстар енгізуге нұсқау берілді.

Сондай-ақ бұл ауданда болашақта тұрғындарға шұғыл көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем станциясын ашу да жоспарда бар көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу