Аягөз әкімі аудандық аурухананың жұмысын тексерді
Аягөз әкімі Сейілбек Ысқақов аудандық орталық ауруханаға барып, ұжымның COVID-19 инфекциясына қарсы дайындығын қадағалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аягөзде коронавирусқа байланысты көрсеткіштер мынадай:
Алғашқы толқын кезінде ауданда 573 науқас тіркелді, оның ішінде 175 науқаста симптомдар бар, ал 398 адамның сырқаты симптомсыз болып шыққан еді. Одан 552 науқас сауығып шықты. Алты адам қаза тапты.
Қазіргі уақытта ауруханада 45 төсек-орын бар. Емханада вируске қарсы қолданылатын дәрілер, антибиотиктер, гормональдік дәрілер, антикоагулянттар жеткілікті. Бір айлық қор жиналған деуге болады.
Сондай-ақ Аягөз ауданындағы емдеу мекемелерінде кадрлар тапшылығы жоқ. Орталық ауруханада 2 инфекционист дәрігер, 5 дәрігер реаниматолог, 3 рентгенолог дәрігер жұмыс істейді.
Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде 6 ИВЛ аппараты жұмыс істеді. Кейінірек, 20 қазанда, облыстық денсаулық басқармасы арқылы тағы да қосымша 3 ИВЛ аппараты алынды. Концентраторлар саны 74, оның ішінде орталық ауруханада - 48.
Аудан басшысы аурухана жұмысына оң баға берді.
Оқи отырыңыз